Угандалық жетімдерге Түркия қолдау көрсетуде

Елші Алп балалар үйінде 200 баланың қала алатынын және жетім балалардың қауіпсіз ортада өмір сүре алатынын айтты.

1881698
Угандалық жетімдерге Түркия қолдау көрсетуде

Түркияның Угандадағы өкілетті және төтенше елшісі Фикрет Керем Алп Угандада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен құрылысы аяқталған балалар үйінің ашылу рәсімін жасады.

Елші Алп осында сөйлеген сөзінде балалар үйінде 200 баланың тұра алатынын және жетім балалардың қауіпсіз ортада өмір сүре алатынын айтты.

Балалар үйінің ТИКА-ның қолдауымен аяқталғанын айтқан елші Алп бұл қадам Түркияның жақсы күнде, жаман күнде  де шынайы бауырластығын көрсеткеніне назар аударды.

Елші Алп балалар үйінде оқу бөлмелері, ойын алаңдары және мешіт бар екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар