Вице-президент АҚШ-қа наразылық көрсетті

Вице-президент Фуат Октай әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1881214
Вице-президент АҚШ-қа наразылық көрсетті

Вице-президент Фуат Октай Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Кипр Понти әкімшілігіне бағытталған қару эмбаргосын алып тастау шешіміне наразылық білдіріп «Аймақтағы бейбітшілікке нұқсан келтіретін және шешімсіздікті тұрақты қылатын бұл қадамнан мүмкіндігінше тезірек бас тарту керек» деді.

Октай әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «АҚШ-тың Кипр Понти Әкімшілігіне бағытталған қару эмбаргосын алып тастауы өкінішті және аймаққа қатысты көрегендіктің жоқтығы. Аймақтағы бейбітшілікке нұқсан келтіретін және шешімсіздікті тұрақты қылатын бұл қадамнан мүмкіндігінше тезірек бас тарту керек. Түркия аралдағы бейбітшілік пен тыныш ортаның кепілі мемлекет ретінде өз жауапкершілігін табанды түрде орындауды жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар