Ердоған Өзбекстанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Саммитіне қатысады.

1879783
Ердоған Өзбекстанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Саммитіне қатысу мақсатымен ертең Өзбекстанға аттанады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен саммитке қатысатын Ердоған саммит шеңберінде бірқатап кездесулер жүргізеді.

Президент Ердоған саммит өтетін Самарқандта ағаш отырғызу шарасына қатысады, «Мәңгі қала» деп аталатын қаланың жаңа салынған аймақтарын аралайды және басқа елдердің басшыларымен бірге кешкі қонағасына қатысады.

Ердоған ертеңіне саммиттің ашылу салтанатына қатысады.  Отбасы фотосуретінде орын алады.  Саммиттің екінші отырысында баяндама оқиды.

Ресми түскі асқа қатысатын президент Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путин және Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен және басқа да президенттермен кездесуі жоспарланды.

Саммитке ШЫҰ-на мүше – Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Үндістан және Өзбекстанмен қоса ұйымның бақылаушы мүшесі Беларусь, Моңғолстан және Иран президенттерімен бірге Мирзиеев шақырған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысады.



Ұқсас жаңалықтар