Ердоған үлкен тұрғын үй жабасын таныстырды

Ердоған әлеуметтік тұрғын үйдің 50 мыңының Стамбулда, 18 мыңының Анкарада және 12 мың 500-інің Измирде салынатынын мәлімдеді.

1879491
Ердоған үлкен тұрғын үй жабасын таныстырды

Президент Режеп Тайып Ердоған ел астанасы Анкарадағы Бештепе Ұлттық конгресс және мәдениет орталығында Республика тарихындағы ең үлкен әлеуметтік тұрғын үй жобасын таныстырды.

Ердоған осында сөйлеген сөзінде «Біз еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген мың жаңа әлеуметтік тұрғын үйлер мен жұмыс орындарының құрылысын бастаймыз» деді.

Президент Ердоған Түркияны әр салада болғандай тұрғын үй өндірісінде ғасырлық қызметтері, жәдігерлері және жобаларымен қамтамасыз ететіндерін білдірді.

«Біз заманның барлық қажеттіліктерімен жабдықталған алып ауруханаларды, ондаған мың жұмыс орындарын, мыңдаған қоғамдық ғимараттарды, еуропалық стандарттардан жоғары стадиондарды, жүздеген әлеуметтік және мәдени нысандарды халқымызға әкелдік» деген  Президент «Біздің мақсатымыз – бірінші сатыдағы тұрғын үйлерді кем дегенде 2 жыл ішінде аяқтап, құқығы бар азаматтарымызға жеткізу. Бұл науқан саны мен сапасы бойынша әлемдегі ең үлкен тұрғын үй инвестициясы болады» деп көрсетті .

Ердоған әлеуметтік тұрғын үйдің 50 мыңының Стамбулда, 18 мыңының Анкарада және 12 мың 500-інің Измирде салынатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар