Ердоған Ресейдің еленбей қалатын ел емес екенін айтты

Екі ел арасында әртүрлі салада 7 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

1877072
Ердоған Ресейдің еленбей қалатын ел емес екенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейдің еленбей қалатын ел емес екенін айтты.

Президент Ердоғанды ​​Балқан сапарының екінші аялдамасы Сербияның астанасы Белградта президенттік сарайда әріптесі Александар Вучич ресми рәсіммен қарсы алды.

Ердоған мен Вучичтің бетпе-бет және делегация аралық кездесулерінен кейін екі ел арасында әртүрлі салада 7 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Президент Ердоған Вучичпен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты талқылағандарын, әсіресе Босния және Герцеговинадағы оқиғаларға байланысты аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасқанын білдірді.

Жеке куәлікпен саяхаттауға қол қойылған хаттаманың Түркия-Сербия қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеретінін айтқан Ердоған Сербиямен сауда көлемінің өткен жылы 33 пайыздан астам артып, 2 миллиард доллар деңгейіне жеткенін және оны 5 миллиард долларға дейін ұлғайту мақсатын алға қойып отырғандарын білдірді.

Кездесулерде Түркияның Балқандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа мән бергенін қайталағандарын атап көрсеткен Президент проблемалардың диалог арқылы шешілуін шын жүректен қолдайтындарын білдірді.

24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысына тоқталған Ердоған Түркияның бұл екі ел арасында үнемі тепе-теңдік саясатын ұстанғанын, ал батыстың арандатушылыққа негізделген саясат ұстанғанын айтты.

Президент батыстың Украинаға қару беріп жатқанын мәлімдеді. «Қолында қанша сынық болса, олар сынықтардың барлығын Украинаға жібереді» деді ол.

Бұл соғыста жеңімпаз жоқ екеніне назар аударған президент Ердоған: "Бұл соғыстың жеңімпазы Ресей немесе Украина болады деп айта алмаймын. Бірақ осы уақытқа дейін ұстанған саясатымыз - Ресей мен Украина арасындағы бұл соғыс тез аяқтала ма? Тез аяқталатын секілді емес. Ресейді кемітетіндерге айтарым, сіздер қателесесіз. Ресей елемей қалатын ел емес. Қазір бәрі ойланып  отыр. Осы қыстан қалай шығатынымыз туралы. Неге бұны алдын ала ойламадыңыз? Ресейдің қолында осындай маңызды құндылық бар” деді.

Президент Ердоған байланыстары аясында Түркия-Сербия бизнес форумына да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар