Түркияда табиғи газ қиыншылығы жоқ

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкара Есенбоға әуежайында мәлімдеме жасады.

1876319
Түркияда табиғи газ қиыншылығы жоқ

Президент Режеп Тайып Ердоған 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы мен Ресейге қарсы санкциялардан туындаған энергетикалық дағдарысқа қатысты: «Еуропа биылғы қыста күрделі проблемаларды бастан кешіруде. Қазір бізде табиғи газ қиыншылығы жоқ» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған Босния-Герцеговина, Сербия және Хорватияны қамтитын Балқан сапарының алдында Анкара Есенбоға әуежайында мәлімдеме жасады.

Ердоған тамыры терең тарихи, адами және мәдени байланыстар бар осы географиямен берік байланыстарды сақтай отырып, шиеленістердің алдын алуға тырысқандарын айтты.

Президент Ердоған «Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігіміз (ТИКА), Юнус Эмре институты, Маариф қоры, Түрік әуе жолдары, Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) және қалалық әкімшіліктеріміздің жүзеге асырып жатқан жобаларымен осы географияның дамуына қолдау көрсетуде» деді.

Ердоған «Маусым айында жұмысын бастаған TRT Балкан хабар платформасының аймақтық тілдегі хабарларымен маңызды бір олқылықтың орнын толтырғанын көреміз. Біздің мемлекеттік органдармен қатар үкіметтік емес ұйымдарымыз бен бизнес әлеміміз бізді мақтан ететін істерді жасап жатқанына қуаныштымыз» деп көрсетті.

Ердоған барлық кездесулерінде Балқанның тыныштығы мен тұрақтылығы үшін өмірлік маңызы бар Босния және Герцеговинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдауға баса назар аударатынын білдірді.

Ресей-Украина соғысынан туындаған энергетикалық дағдарыс пен Ресейге қарсы 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан санкцияларға тоқталған президент Ердоған «Еуропа биылғы қыста күрделі проблемаларды бастан өткеруде. Қазір бізде табиғи газ қиыншылығы жоқ» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар