Астық тиеген 3 кеме жолға шықты

Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады.

1875646
Астық тиеген 3 кеме жолға шықты

Астық жөнелту аясында Украинадан тағы 3 кеме жолға шықты.

ТР Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Астық жөнелту аясында Украина порттарында дайындықтарын аяқтаған тағы 3 кеме бүгін таңертең порттан шықты» деп айтылды.

Қаратеңізден қауіпсіз азық-түлік тасымалының қалыптасуы үшін 22 шілдеде Стамбулда президент Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антонио Гутерриштің қатысуымен Украина және Ресей арасында «Стамбул астық келісіміне» қол қойылған болатын.

Қаратеңізден астық өнімдерін қауіпсіз жөнелту үшін құрылған Бірлескен үйлестіру орталығы 27 шілдеде Стамбулда Ұлттық қорғаныс университетінің кампусында жұмыс істей бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар