Ұлттық Қорғаныс министрі Грекияны сынға алды

Хулуси Акар Эскишехирде өткен "Ұшу оқу жылы" салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

1875047
Ұлттық Қорғаныс министрі Грекияны сынға алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекияның шабуылдаушы әрекеттері мен риторикасының жалғасқанын атап «Грекияның бұл еркелігіне әрқашан және барлық жерде жауап қайтардық, әрі қарай да қайтарамыз» деді.

Хулуси Акар Эскишехирде өткен Ұшу оқу жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Баяндамасында аймақтағы қауіп-қатерлерге, қорқытулар мен рисктерге назар аударып, оларды жақыннан қадағалағандарын атап көрсеткен министр Акар «Біз Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипрдегі құқығымыз бен мүдделерімізді қорғау үшін қажетті бар нәрсені жасадық және жасаймыз» деді.

Түрік әскери ұшақтарының Крит аралында орналасқан Грекияға тиесілі «S-300» әуе қорғаныс жүйесімен 23 тамыз күні жасаған қысымын еске салған Акар «Әрқашан және әр жерде Грекияның бұл еркелігіне әрқашан және барлық жерде жауап қайтардық, қайтарамыз. Біздің құқығымыз бен мүдделерімізден кері қадам басуымыз мүмкін емес. Еліміздің, ұлтымыздың құқығы мен мүдделерін өте жақсы қорғадық, алдағы уақытта да қорғай береміз. Грекияның халықаралық құқық, тату көршілік және достықты ескермейтін ұстанымы мен риторикасын мұқият қадағалаймыз. Грекияның не істеп жатқанын НАТО мен үшінші елдер де жақсы білу керек. Барлық одақтастарымызға Грекия туралы ескерттік. Олардан объективті болуды күтеміз. Олар тілге тиек еткен шешендік сөздер мен іс-қимылдың достық пен одақтастыққа жатпайтынын барша білсін деп қалаймыз» деді.

Грекияның 1919-1922 жылдары кейбір елдердің ынталандыруы және қолдауымен Анадолыға басып кіру әрекетін жасағанын еске салған министр Акар нәтижесінде өкініп қалған Грекияның сол кезеңнің премьер-министрін, министрлерін тіпті бас штаб басшысын дарға асқанын еске салды.

Ұлттық қорғаныс министрі «Грекияның мұндай шытырман оқиғаға бармау керектігін, қайтадан қиындыққа тап болмауы үшін, өкінішке ұшырататын мұндай бастамалардан бас тартуын, тарихтан сабақ алуын қайта-қайта әңгімелесушілерімізге ескерттік. Бұдан кейін де ескертеміз. Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипрдегі құқығымыз бен мүдделерімізді қорғауда табандымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар