Шентоп пен Акар Жеңіс күнімен құттықтады

ТҰҰМ төрағасы Жеңістің 100 жылдығына арнап құттықтау жариялады.

1873613
Шентоп пен Акар Жеңіс күнімен құттықтады
akar.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп 1922 жылы 30 тамыз күні қол жеткізілген Ұлы жеңістің тек түрік ұлтының ғана емес, империализмнің қоласындағы барлық езілген халықтардың үміті екенін айтты.

Мұстафа Шентоп 30 тамыз Жеңістің 100 жылдығына арнап құттықтау жариялады.

Шентоп жолдауында Бас қолбасшылық шайқасының түрік ұлтының ерік-жігері мен толық тәуелсіздік сенімінің жеңісі екеніне назар аударды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы «Түрік халқы ұлттық күресін жеңіспен аяқтап, Анадолының мәңгілік Отанымыз екенін дос пен дұшпанға қайтадан көрсетті» деді.

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар да 30 тамыз Жеңіс күніне орай бір құттықтау жариялады.

Құттықтауында Акар «Даңқты тарихымызда әскер-ұлт түсінігімен қозғалатын асыл халқымыз басқыншылардан жанын қиып, қасиетті құндылықтарын қорғайтынын, Анадолының түріктің жері болып қала беретінін күллі әлемге жария етті. Мәңгілік атамекен болып, мәңгілік тұратын Түркия Республикасының құрылыс кезеңін бастады» деді.



Ұқсас жаңалықтар