Түркияның жәрдемдері Пәкістанға ұласты

Түркияның гуманитарлық жәрдем материалдары тиеген екі ұшағы су тасқынынан зардап шеккен Пәкістанға ұласты.

1873269
Түркияның жәрдемдері Пәкістанға ұласты

ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған хабарламада «Су тасқынынан зардап шеккен пәкістандық бауырларымызға гуманитарлық жәрдем тасымалдаған ұшақтарымыз Пәкістанға ұласты. Қайтыс болған бауырларымызға Алладан рақым, Пәкістан халқына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» деді.

Апат және төтенше жағдайлар басқарма (АФАД) Пәкістанға шатыр мен гуманитарлық жәрдем қамтамасыз ету үшін «әуе көпірі» құрылғанын және жәрдем материалдарының су тасқыны аймағына жіберілгенін жариялады.

Бірінші сатыда 10 мың шатыр, 50 мың азық-түлік пакеті, 50 мың гигиеналық материал және 10 мың бала тағамынан тұратын гуманитарлық жәрдем материалдарының су тасқыны аймағына жөнелтілетінін хабарлаған болатын.

Пәкістанның Ұлттық Апат басқармасы агенттігі 14 маусым күнінен бері жалғасып келе жатқан муссон жаңбырларының салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндердің салдарынан 1000-нан астам адамның қаза тапқанын жариялады.

Толассыз жауын салдарынан 992 мың 871 үйдің зақымданғаны, 727 мың 144 малдың қырылғаны, жаңбыр салдарынан шамамен 33 миллион 46 мың адамның зардап шеккені, 498 мың 442 адамның жәрдем лагерьлерінде тұратыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар