Президент офицерлердің диплом тапсыру рәсімінде үн қатты

Ердоған: "Түркияның Ресей-Украина соғысындағы арашалық рөлін аштық".

1871064
Президент офицерлердің диплом тапсыру рәсімінде үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Мақсатымыз – жақын көршілерімізден бастап айналамызда бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағын құру» деді.

Президент Ердоған Жандармерия және Жағалау Күзет академиясының Офицер мен кіші офицерлер диплом тапсыру рәсімінде үн қатты.

Түркияның стратегиялық маңызы жоғары бір географиялық тұғырға ие екенін білдірген Ердоған «Түркия Ауғанстанда жалғасып жатқан ішкі күйзелістердің, Йемендегі қақтығыстардың, Сириядағы қуғын-сүргін мен шабуылдардың, Балқанда қызуы көтерілген шиеленістер және ауқымды дағдарыстардың көрінісін көршілерімен қатар сезініп отырған ел. Бізді не Иерусалим мен Ирак, не болмаса Йемен мен Сириямен салыстыра алмайсыз. Біз батыстықтар сияқты «сылтау» айтпаймыз. Біз үлкен мемлекетпіз» деді.

«Біз ешкімге араздық танытпаймыз. Біздің мақсатымыз – жақын көршілерден бастап айналамызда бейбітшілік пен ынтымақтастық көпірін құру» деген Ердоған «Түркияның Ресей-Украина соғысындағы арашалық рөлін аштық. Түркия жетістіктерімен таң қалдырады. Терроризм есігімізге дейін келсін деп күтпейміз, біз оны ұясында залалсыздандырамыз. Түркияның операциялық кеңістігін Сириядан Иракқа дейін кеңейттік» деді.



Ұқсас жаңалықтар