Ердоған ұшақта журналисттерге мәлімдеме жасады

Ердоған: «Сіз дипломатияны ешқашан өшіре алмайсыз».

1870105
Ердоған ұшақта журналисттерге мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириямен одан әрі қадамдарды қамтамасыз ету қажеттігін атап «Сіз дипломатияны ешқашан өшіре алмайсыз» деді.

Президент Ердоған кеше Украинаға жасаған бір күндік сапарынан кейін Түркияға оралғанда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап қайтарып, сапарын бағалады.

Түркияның Сирияның солтүстігінде террормен күресті Ресеймен бірге жалғастырғанын атап көрсеткен Ердоған «Терроризмге қарсы күрестің белгілі бөлігін ресейліктермен бірге жасаймыз. Белгілі бір бөлігін болса өз әскерлеріміз және қауіпсіздік күштеріміз арқылы жүзеге асырамыз» деді.

Президент Ердоған «Біздің (облыстағы операция үшін) «бір күні түнде кенеттен келеміз» деген сөзіміз бекер емес. Бұл уақыты келгенде жасалады. Бірақ мынаны да айта кеткен жөн. Ешкім қайтадан Түркиядан сіз мұндай нәрсеге (операцияға) дайынсыз ба? деп сұрамақшы болмасын, біз осының бәріне дайынбыз. Дайын болғанымыз былай тұрсын, кез-келген уақытта әр нәрсені жасауға күшіміз жетеді» деді.

АҚШ-тың Ирактағы террористтерге де қолдау көрсеткенін айтқан Ердоған «Егер бүгін Иракта бір мазасыздық бар десе өкінішке орай оның артынан АҚШ шығады және олар осы лаңкестік ұйымдардың басшыларын Ақ Үйде қабылдауға дейін барады. Біз мұның бәрін білеміз» деді.

Түркияның Сирияның жерінде көзі жоқ екенін атап айтқан Президент «Біздің Асадты жеңу немесе жеңбеу деген бір мәселесі жоқ. Сирия жерінде көзіміз де жоқ, өйткені Сирия халқы біздің бауырымыз. Сол жерде біздің ондай бір мәселеміз жоқ. Олардың аумағының тұтастығы біз үшін аса маңызды. Бұны режим білуі керек» деді.

Мемлекет аралық саяси келіссөздер немесе дипломатияның ешқашан өшіріле алмайтынын мәлімдеген Президент «Осындай диалогтар әрқашан болады, болуға тиісті» деді.



Ұқсас жаңалықтар