Ұлттық қорғаныс министрі әл-Мишримен бас қосты

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше Ливия Жоғары мемлекеттік кеңесінің төрағасы Халид Аммар әл-Мишримен Анкарада бас қосты.

1868830
Ұлттық қорғаныс министрі әл-Мишримен бас қосты

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше Ливия Жоғары мемлекеттік кеңесінің төрағасы Халид Аммар әл-Мишримен бас қосты.

Министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда Хулуси Акар Ливия Жоғары мемлекеттік кеңесінің төрағасы Халид әл-Мишримен бас қала Анкарада Ұлттық қорғаныс министрлігі бас ғимаратында бас қосты.

Министр Акар Әл-Мишримен Ливиядағы соңғы жағдай туралы пікір алмасты.

Кездесуде Акар Түркия мен Ливия арасындағы 500 жылдық тарихи достық пен бауырластық байланыстарына тоқталып, Түркияның ливиялық бауырларына әскери білім беру ынтымақтастығы саласындағы қолдауының одан әрі жалғасатынын мәлімдеді.

Акар Түркияның «Ливия – ливиялықтардың жері» түсінігімен Ливияның тыныштығы, бейбітшілігі және гүлденуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды жалғастыратынын білдірді.

Министр Акар алдағы кезеңде қақтығыстардың алдын алу және бауырластық қантөгістердің алдын алу үшін әртүрлі бастамаларды қолға алудың маңыздылығына тоқталды.

Министр Хулуси Акар Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллеспен де телефон арқылы сөйлесті.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, кездесуде екіжақты және аймақтық қорғаныс, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар