Түркияның ең үлкен университет кітапханасы ашылды

Президент Ердоған Стамбул Мәдениет университетінде болды.

1867289
Түркияның ең үлкен университет кітапханасы ашылды
erdogan medeniyet universitesi kutuphanesi1.jpg
erdogan istanbul medeniyet universitesi kutuphanesi.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Мәдениет университетінде Түркияның ең үлкен университет кітапханасын ашты.

Президент Ердоған Стамбул Мәдениет университеті «Ziraat Bank» кітапханасы мен Орталық ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Ердоған осында сөйлеген сөзінде Түркияның ең үлкен кітапханасы ел астанасы Анкарадағы Бештепе Президенттік кешенінде орналасқан 5 миллион кітап сыйымдылығымен Ұлттық кітапхана екенін еске салды.

«Мәдениет университетінде біз миллион том баспа кітап пен бір уақытта 3 мың адамға қызмет көрсететін еліміздің ең үлкен университеттік кітапханасын ашып отырмыз» деді ол.

Ердоған мектептердегі кітапханалардағы кітап санын қысқа мерзімде 3 есе арттырып, 70 миллионға арттырғандарын, жыл соңына дейін бұл санды 100 миллионға жеткізетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар