Жаңа мешіт ашылды

Президент Аязма мешітінің қалпына келтірілуіне атсалысқан баршаға алғыс айтты.

1867197
Жаңа мешіт ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда қалпына келтіру жұмыстары аяқталған Аязма мешітін ашты.

Президент Ердоған ғибадат үшін қайта ашылған Аязма мешітінде жұма намазын оқыды. Ол  жұма намазынан кейін мешіттің қайта ашылуына арналған рәсімде сөз сөйледі.

Президент 261 жылдық тарихы бар, сәулетімен, орналасқан жерімен және көптеген ерекшеліктерімен Стамбулға құндылық қосып отырған Аязма мешітінің қалпына келтірілуіне атсалысқан баршаға алғыс айтты.

Ердоған Аязма мешітінде осы уақытқа дейін болғандай күніне 5 рет айтылатын азандардың, оқылған дұғалар мен тілектердің Алланың алдында қабыл болуын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар