Президент Ердоған қонақтарға қонағасы берді

Ердоған V Ислами Ұйымшылдық ойындары үшін Конияға келген мемлекет және үкімет басшыларының құрметіне ас берді.

1865851
Президент Ердоған қонақтарға қонағасы берді

Президент Режеп Тайып Ердоған V Ислами Ұйымшылдық ойындары үшін Конияға келген мемлекет және үкімет басшыларының құрметіне ас берді.

Президент Ердоған Ислами Ұйымшылдық Спорт федерациясы мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің қатысуымен V Ислами Ұйымшылдық ойындарының ашылу салтанаты үшін қалада мемлекет және үкімет басшылары және басқа да ресми тұлғалармен кездесті.

Қонағасына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Ерсин Татар, Палестина Премьер-Министрі Мұхаммед Иштийе, Албания Премьер-Министрі Эди Рама, Алжир Премьер-Министрі Эймен бен Абдуррахман, Сауд Арабиясының Спорт министрі және Ислами Ұйымшылдық спорт федерациясының президенті Ханзада Абдулазиз бен Турки әл-Фейсал әл Сауд қатысты.

Ердоған артынан Әлиевпен  жабық кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар