"Елімізге бағытталған айыптаулармен күресудеміз"

Мевлүт Чавушоғлу 13-ші Елшілер конференциясы отырысында сөз сөйледі.

1866072
"Елімізге бағытталған айыптаулармен күресудеміз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Әрі PKK, әрі FETÖ және басқа да террорлық ұйымдардың үгіт-насихаттарымен және елімізге бағытталған айыптауларымен күресіп жүрміз» деді.

Мевлүт Чавушоғлу 13-ші Елшілер конференциясы шеңберінде Әділет министрі Бекир Боздағ қатысқан отырыста сөз сөйледі. Түркияның «терроризмнен көп зардап шеккен бір ел» екенін білдірген министр «Әділет және қауіпсіздік арасындағы нәзік теңгерімді көп жылдардан бері бақылап отырмыз. Бұл тақырыптар шетелдегі міндетіміздің бір бөлімін қалыптастырады. Әрі PKK, әрі FETÖ және басқа да террорлық ұйымдардың үгіт-насихатымен және елімізге баңытталған айыптауларымен күресіп келеміз» деді.

Чавушоғлу «заманауи дипломатияның өте күрделі, үлескері көп және көп актерлі» екенін атап көрсетіп,  ынтымақтастық жасалған мекемелердің өзгеше көзқарастарының тек байлық сыйлайтынын айтты. Әділет министрлігінің осы мекемелердің басын бастайтынын атап көрсеткен министр «құқықтың үстемдігі, демократия, адам құқықтары» секілді ұғымдарының сыртқы саясаттың негізгі принциптері арасында екенін білдірді. Министр Әділет министрлігімен көптеген тақырыпта бірлесіп жұмыс істейтіндерін айтты. «Еуропада азаматтарымызға қарсы артып отырған жікшіл және нәсілшіл әрекеттер тақырыбындағы жұмыстар өте маңызды. Шетелдердегі өкілеттіктерімізде Әділет министрлігімен бірге жұмыс істейміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар