ЕҚЫҰ Бас хатшысы Шмидтен Түркияға мақтау

Бас хатшы Шмид бас қала Анкарада өткен 13-ші Елшілер конференциясында үн қатты.

1865370
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Шмидтен Түркияға мақтау

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Хельга Мария Шмид «Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) дәнді дақыл келісімі бойынша жүргізген дипломатиясы мақтауға лайықты» деді.

Бас хатшы Шмид бас қала Анкарада өткен 13-ші Елшілер конференциясында үн қатты.

Шмид Түркияның соңғы кезеңде атқарған дипломатиялық рөліне қатысты «Түркияның дәнді дақыл келісіміне қатысты БҰҰ-мен жүргізген дипломатиясы мақтауға лайықты. Өйткені азық-түлік материалдары мен тыңайтқыштардың Украинадан әлемге тасымалдануы өте маңызды» деді.

ЕҚЫҰ-ның Украинада Түркия өкілдерімен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие екенін еске салған Шмид Түркияның күш-жігерінің арқасында халықаралық бақылаушыларды Украинадан эвакуациялау мүмкіндігіне ие болғанын білдірді.

Шмид Украинадағы соғыспен бірге пайда болған құрлық миналары, соғыстың балаларға тигізген кері әсері, адам контрабандасы сияқты мәселелердің шешімінде Түркияның қолдауына мұқтаж екендерін білдірді.

Өте ұзақ карьерасы бар екенін еске салған Бас хатшы «Түрік дипломатиясы – әлемдегі ең жетік дипломатиялық қызметтердің бірі» деді.

Түрік дипломатиясының әрдайым мықты ұлттық болмысқа ие екенін атап көрсеткен Шмид «Түркия Еуропа мен Азия арасындағы көпір қызметін атқарады. Осылайша Түркия әлемнің осы плюралистік түсінігіне ең қолайлы елдердің бірі болып табылады» деді.

Бас хатшы Шмид ЕҚЫҰ аясында жүргізілген жұмыстарда да Түркияның бұл функциясының байқалғанына назар аударып, Өзбекстаннан Ауғанстанға көмек көрсетуде де Түркияның маңызды логистикалық аймақ екеніне назар аударды.

Түркияның Армения мен Әзербайжан арасында қалыпқа келу үдерісіне және мүдделі тараптармен жұмыс істеуге қосқан үлестерінің олар үшін аса маңызды екенін білдірген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Түркияның «Әйелдер көшбасшылығы платформасына» қосқан үлесін жоғары бағалағандарын айтып, «Әйелдер неғұрлым көп қатысса, соғұрлым бейбітшілік болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар