Түркияда маймыл шешегі

Түркияда маймыл шешегі вирусына шалдыққан 5 науқас анықталды.

1862575
Түркияда маймыл шешегі

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда осы уақытқа дейін маймыл шешегі вирусына шалдыққан 5 науқастың анықталғанын хабарлады.

Министр Кожа кеше Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Маймыл шешегі вирусы туралы сұраққа министр Кожа былай деді: "Бүгінге дейін елімізде маймыл шешегі вирусын жұқтырған 5 науқас анықталды. Бұл 5 науқастың жақын маңы оқшауланды. 4 науқасымыз толық сауығып кетті, ал бір науқасымыз изоляцияда жатыр".

Науқастардың денсаулығы жақсы екенін және ешбір проблемасы жоқ екенін білдірген Кожа «Бұл біздің елге немесе жаһандық пандемияға эндемиялық қауіп төндірмейді» деді.

Жаңа түрдегі коронавирус (Ковид-19) індетінде алғашқы нұсқалардың күштірек және зиянды болғанын атап өткен министр Omicron нұсқасының тез жұғатынын, бірақ науқастарда жеңіл белгілер болатынына назар аударды.

Министр вакцина салдыруға кеңес берді.



Ұқсас жаңалықтар