Акар "Кипрде кепілгер міндетіміз жалғасады" деді

«Кипр біздің ұлттық мәселеміз» деген Акар Түркияның аралдағы кепілгер міндетіне міндетіне тоқталды.

1862299
Акар "Кипрде кепілгер міндетіміз жалғасады" деді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия Республикасының осы уақытқа дейін істегені сияқты бұдан кейін де Кипрде кепілгер ретіндегі міндетін орындауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Хулуси Акар астанасы Анкарадағы Гази Ордуевиде (Ардагар үйінде) өткен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Қарулы Күштері күніне арналған қонақасына  қатысты.

Министр Акар мұнда сөзін Кипр аралының жеңісінің 451 жылдығы, Түрік Қарсыласу ұйымының 64 жылдығы және Қауіпсіздік күштері қолбасшылығының 46 жылдығы тойланған 1 тамыз Әлеуметтік қарсыласу күні және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Қарулы Күштері күнімен құттықтап бастады.  мерекелеуден бастады.

Кипр Бейбітшілік қозғалысының аралдағы барлық адамдар үшін бейбітшілік пен тыныштықтың бастамасы болғанын атап көрсеткен Акар «1974 жылғы қозғалыстан кейін аралдағы қан мен көз жасы тоқталған еді» деген сөздер қолданды.

«Кипр біздің ұлттық мәселеміз» деген Акар Түркияның аралдағы кепілгер міндетіне міндетіне тоқталды.

Түркия Республикасының кепілдік міндетін мүлтіксіз орындағанын және алдағы уақытта да орындайтынын айтқан Акар «Кипрлік гректер (аралдағы) түріктердің бар екенін көруі керек.Түріктердің егемендігі мен тәуелсіздігін мойындауы керек. Олар сондай-ақ түріктердің қауіпсіздік пен өркендеуде өмір сүру құқығын қабылдауы керек» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар