Столтенберг Түркияға алғыс айтты

«Одақтасымыз Түркияға өте маңызды рөл атқарғаны үшін алғыс айтқым келеді» деді ол.

1862156
Столтенберг Түркияға алғыс айтты

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияға астық дағдарысын шешудегі рөлі үшін алғыс айтты.

Йенс Столтенберг әлеуметтік желідегі парақшасында Украина астығын жөнелту үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Столтенберг Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арағайындығымен жасалған келісім аясында Одессадан астықтың бірінші реткі жөнелтілуіне риза болғанын білдірді.

«Одақтасымыз Түркияға өте маңызды рөл атқарғаны үшін алғыс айтқым келеді» деді ол.

Столтенберг НАТО одақтастарының жаһандық азық-түлік дағдарысын жеңілдету үшін астық келісімінің толық орындалуын қызу қолдайтынын атап өтті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі астық тиелген алғашқы кеменің бүгін таңертең Украинаның Одесса портынан жолға шыққанын хабарлаған еді.  Мәлімдемеде Одессадан Ливанның Триполи портына бару үшін жүгері тиелген «Разони» атты кеменің ертең Стамбулда болатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар