Акар мен Остин телефонда сөйлесті

Хулуси Акар АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остинмен телефон арқылы сөйлесті.

1859314
Акар мен Остин телефонда сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остинмен телефон арқылы сөйлесті.

Акар мен Остин әңгіме барасында екі жақты және аймақтық мәселелерді талқылады. Сонымен қатар  екі ел министрі әңгімеде қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері, әсіресе Украинадан астық жөнелтілу тақырыбы, терроризммен күрес, Түркия-Грекия қарым-қатынастары және F-16 ұшағын жеткізу туралы ақпарат пен пікір алмасты.

Акар Украинаның инфрақұрылым министрі Александр Кубраковпен де телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктің осы кездесуге қатысты мәлімдемесіне қарағанда министр Акар астық тасымалының осы аптада басталатыны туралы хабарландыруға риза екенін білдіріп, бірінші кеменің мүмкіндігінше тезірек бастауының маңызды екенін және Түркияның өз міндетін атқарғанын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар