Интерпол іздеген террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Сойлу қызыл бюллетеньмен іздеу салынған Нежати Утку атты террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

1856143
Интерпол іздеген террорист залалсыздандырылды

Халықаралық Интерпол басқармасы тарапынан қызыл бюллетеньмен іздеу салынған, Түркияның Ішкі істер министрлігінің «Терроризмнен іздеу салынғандар» тізімінде қызғылтсары категориясында тұрған Азат Кендал лақап атты Нежати Утку залалсыздандырылды.

ТР Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу қызыл бюллетеньмен іздеу салынған Нежати Утку атты террористтің Диярбакыр полиция дирекциясының операциясы нәтижесінде залалсыздандырылғанын хабарлады.

«Көп уақыттан бері осы террористі аңдып жүр едік.  Полиция барлау және Диярбакыр полиция қызметінің табысты операциясы нәтижесінде жандармерия соққыны берді. Көптеген лаңкестіктің жауаптысы Нежати Утку және тағы бір террорист енді ықпалсыз жағдайда. Рақмет, қаһармандар!» деп жазды министр.



Ұқсас жаңалықтар