Гутерреш Түркияның талпыныстарына риза

Антониу Гутерреш Түркияның Қаратеңізден қауіпсіз түрде астық тасымалдау талпыныстарына алғыс айтты.

1855092
Гутерреш Түркияның талпыныстарына риза

Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркияның Қаратеңізден қауіпсіз түрде астық тасымалдау талпыныстарына алғыс айтты.

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде журналистерге мәлімдеме жасаған Гутерреш Түркия үкіметінің Ресей-Украина арасында Қаратеңізден дәнді дақылдарды тасымалдау мақсатымын Стамбул жиналысын өткізу үшін атсалысқанын, сондай-ақ бұл әрекеттеріне риза болғанын баяндады.

Бас хатшы Гутерреш кеше Стамбулда Украина азық-түлік өнімдерінің Қаратеңіз арқылы қауіпсіз түрде экспортын қамтамасыз ету үшін басылған батыл қадамға куә болғандарын айтты.

Антониу Гутерреш «Мен Түркия үкіметіне осы келіссөздерді өткізудегі ерекше күш-жігері және алға жылжудағы маңызды рөлі үшін алғыс айтқым келеді. Біз осы таңда адамдардың қасіретін азайтуға, дүниежүзілік аштықты жеңілдетуге, даму жолындағы елдерге қолдау көрсетуге және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бір үміт сәулесінің болғанын көрдік. Бұл жан-жақты келісімге бағытталған маңызды және іргелі қадам» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар