Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

1854475
Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Сириядағы жағдай, Украина-Ресей соғысы және Қаратеңізде астық экспорты үшін қауіпсіз дәліздер құру мәселелері талқыланды.

Әңгімеде президент Ердоған Сириядағы шекаралық механизмнің кеңеюіне мән беретінін атап көрсетті.

Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қаратеңізде астық экспорты үшін қауіпсіз дәліздер құру жоспарына қатысты әрекет ету уақыты келгенін мәлімдеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефондағы әңгімеде Армения премьер-министрі Пашинян президент Ердоғанды ​​Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Президент Ердоған премьер-министр Пашинянды келе жатқан Вардавар фестивалімен құттықтады.

Әңгіме барысында екі лидер Түркия мен Армения арасындағы екі жақты қалыпқа келу үдерісіне мән бергендерін, бұл процестің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюына да үлес қосатынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар