Хулуси Акар Тани Әл Румейтиді қабылдады

Қабылдауда екіжақты және аймақтық тақырыптар, әскери білім берудегі ынтымақтастық пен қорғаныс өнеркәсібі салаларында көзқарас алмастырылды.

1852350
Хулуси Акар Тани Әл Румейтиді қабылдады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар ресми сапармен Түркияға келген Біріккен Араб Әмірліктері  Бас Штаб төрағасы генерал-лейтенант Хамад Мұхаммед Тани Әл Румейтиді қабылдады.

Бас қала Анкарадағы Ұлттық Қорғаныс министрлігінде өткен қабылдау  барысында екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық тақырыптар, әскери білім берудегі ынтымақтастық және қорғаныс өнеркәсібі салаларында көзқарас алмастырылды.

Біріккен Араб Әмірліктері  Бас Штаб төрағасы генерал-лейтенант Хамад Мұхаммед Тани Әл Румейти  осының алдында Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлермен де  кездескен болатын.

Кездесу барысында әскери саладағы екіжақты қарым-қатынастар талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар