«Ерен Аблука - 17» операциясы басталды

Шырнактағы «Ерен Аблука - 17» операциясы аясында 2 террорист залалсыздандырылды.

1851296
«Ерен Аблука - 17» операциясы басталды

Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 2 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Терроризм және террористтермен күресіміз табандылық, сенім және жоғары мотивациямен жалғасуда. Батыр түрік әскерлері Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында PKK-лық 2 террористті залалсыздандырды» делінді.

Шырнактың Бейтүшшебап ауданы ауылдық аймағында басталған «Ерен Аблука - 17» операциясы аясында 2 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі жазбаша жасаған мәлімдемесінде «2022 жылы 4 шілде күні Шырнак аймақтық Бейтүшшебап қолбасшылығының үйлестіруімен Жандармерия арнайы десанттары қолбасшылығы және Қалалық жандармерия қолбасшылығына қарасты арнайы топтардың қатысуымен операция басталды. Операцияға қауіпсіздік сақшылары операциялық топтары мен J-SİHA пилотсыз әуе көлігі қолдау көрсетті. «Ерен Аблука - 17» операциясы аясында бөлшектеуші террор ұйымының 2 мүшесі залалсыздандырылып, 2 дана M-16 автомат қаруы мен оқ-дәрі жойылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар