Сирияның солтүстігінде бес террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Күресіміз табандылықпен жалғасады» деп мәлімдеді.
1849812
Сирияның солтүстігінде «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына шабуыл жасауға талпынған террорлық ұйым PKK/YPG-ге мүше 5 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Сирияның солтүстігінде террористердің шабуыл талпынысын жауапсыз қалдырмадық. «Евфрат қалқаны» аймағына шабуыл жасауға талпынған бес террорист залалсыздандырылды. Күресіміз табандылықпен жалғасады» деп мәлімдеді.