Түркия Иорданияға көңіл айтты

Түркия Иорданияның Акаба портындағы жарылыста қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1848977
Түркия Иорданияға көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Иорданияның Акаба портындағы жарылыста көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы ақпаратты  зор күйзеліспен қабыл алдық» делінді.

Мәлімдемеде «Қаза тапқандарға Алладан иман тілейміз, жақындарына, Иордания халқына және үкіметіне шынайы көңіл айтамыз. Жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп көрсетілді.

Еске сала кетейік, Иорданиядағы Акаба портында улы газ тиелген цистернаның аударылуы кесірінен  жарылыс болған. Жарылыстан кейін газдың шығуы салдарынан 12 адам қаза тапқан және 260 адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар