НАТО саммиті өте маңызды

Чавушоғлу Түркияның Мадридте өткізілетін НАТО саммитінен күткендерін түсіндірді.

1849334
НАТО саммиті өте маңызды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу видео конференция әділімен «ADF120Sec» сессиясына қатысты. Жинаылста Чавушоғлу Түркияның Испанияның бас қаласы Мадридте өткізілетін НАТО саммитінен күткендерін түсіндірді.

Мадрид саммитінің өте маңызды бір кезеңде ұйымдастырылғанына назар аударған министр Чавушоғлу Украинадағы соғыстың жаһандық ықпалының болғанын және бұл Трансатлантикалық қауіпсіздік үшін де сынақ екенін айтты.

Чавушоғлу НАТО басшыларының Мадридте жаңа Стратегиялық тұжырымдаманы бекітетінін және бұл құжаттың одақтың алдағы онжылдық көзқарасын қалыптастыратынын атап көрсетті.

Бұл саммиттің одақтастар арасындағы селбесуді, береке-бірлікті нығайтуды және күшейтуді күткенін еске салған Чавушоғлу «НАТО-ның терроризмнің барлық түріне қарсы күресте табандылылық өте маңызды. Бұл күдіксіз НАТО мүшелігіне өтініш берген елдер үшін де күшіне ие» деді.

Чавушоғлу «Барлығы ынтымақтастық қағидаттарын және бір-бірінің қауіпсіздік мәселелерін құрметтеу керек» деді. Ол бұл қағидаға қатысты екіұдайлыққа жол жоқ екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар