Екі әскер шейіт болды

Ардуч пен Ичен ауруханада шейіт болды.

1847147
Екі әскер шейіт болды

Диярбакырда жүргізілген «Ерен Аблука-18» операциясында сепаратистік террорлық ұйым PKK-ның террористерімен қақтығыс шықты.  Қақтығыста екі әскер шейіт болды.

Ішкі істер министрлігінің хабарламасына қарағанда, Диярбакырдың Лиже ауданы маңында атқарылған «Ерен Аблука-18» операциясында террористермен шыққан қақтығыста жандармерия офицерлері Огузхан Ардуч пен Тургут Ичен, Мұстафа Джан Акдоған жарақат алды.

Жаралы әскерлердің арасынан Ардуч пен Ичен ауруханада шейіт болды.

Террористтердің анықталуы және залалсыздандырылуы үшін аймаққа қосымша жасақ жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар