Түркия Ауғанстанға көңіл айтты

Ауғанстанда болған зілзалада 920 адам қаза тапты, 600 адам жараланды.

1846804
Түркия Ауғанстанға көңіл айтты

Түркия Ауғанстанда болған зілзалада қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Ауғанстанның шығысында болған 5.9 баллдық зілзала әсіресе Пактика уәлаятында көптеген жан шығыны мен жаралануларға себеп болды. Апат үшін қатты қайғырдық" деп көрсетілді.

Ауғанстанда жұмыстанып жатқан Қызыл жарты ай қоғамы аймақтағы халыққа гуманитарлық жәрдем жеткізгені білдірілген мәлімдемеде:

"Түркия бұрын да болғанындай зілзалада зардап көрген бауырлас Ауғанстан халқына барлық жәрдемді беруге дайын.  Қаза тапқандарға Алладан иман тілейміз, жақындарына және Ауғанстан халқына шынайы көңіл айтамыз. Жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп көрсетілді.

Ауғанстанда болған зілзалада 920 адам қаза тапты, 600 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар