Ханзада Салман Түркияға келді

Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Сауд ресми сапармен Түркияға келді.

1846998
Ханзада Салман Түркияға келді

Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Сауд ресми сапармен Түркияға келді.

Көп адамдық делегациямен Түркияға келген ханзада Салманды президент Режеп Тайып Ердоған астана Анкара Бештепеде салтанатты түрде қарсы алды.

Ердоған мен ханзада Салман оңаша кездесті және делегациялар арасындағы кездесуге төрағалық жасауда.

Кездесулерде аймақтық және халықаралық оқиғалар қолға алынады. Екі ел қарым-қатынастары егжей-тегжейлі талқыланады. Басты күн тәртіп экономика болады.

Кездесуде саудадан туризмге, медицинадан қорғаныс өнеркәсібіне дейін түрлі салада ынтымақтастықтың арттырылуы талқыланады.

Осы аяда Түркия мен Сауд Арабиясы арасында түрлі келісімдерге қол қойылуы күтілуде.

Президент Ердоған да 28-29 сәуірде Сауд Арабия королы Селман бин Абдулазиз Әл-Саудтың шақыруымен Джидда қаласына барып, түрлі кездесу өткізген еді.

Ердоған сонымен қатар 10 мамырда ханзада Мұхаммед бен Салманмен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында екі ел қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптар қолға алынған еді.



Ұқсас жаңалықтар