Өмер Челиктен Грекияға наразылық

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик мәлімдеме жасады.

1843638
Өмер Челиктен Грекияға наразылық

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары және партия баспасөз хатшысы Өмер Челик «Грекияның заңға қайшы келетін үгіт-насихат механизмі қайтадан іске қосылды» деді.

Өмер Челик партия орталығында президент, Әділет және даму партиясы төрағасы, президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен Орталық Атқару кеңесі отырысында мәлімдеме жасады.

Челик Президент Ердоғанның аптаның соңындағы «EFES-2022 НАТО әскери жаттығуы» кезінде Грекия аралдарының (Эгей теңізіндегі) қарулануына байланысты нақты мәлімдеме жасағанына назар аударып, «Міне, Грекияның бұл мәлімдемелерді бұрмалап, заңға қайшы келетін үгіт-насихат механизмі тағы да іске қосылды. Біз әрқашан Грекияның көршіміз екенін айттық, көршімізбен үстел басында өз проблемаларымызды шешуге мүмкіндігіміз бар, бізде тарихи деректер бар және біз диалогқа ашықпыз. Өкінішке орай, Грекияның тұрақты түрде үшінші елдердің араласуы және заң бұзушылықтарды іс жүзіндегі жағдай ретінде күн тәртібіне шығаруы бұл процестің оң бағытта ілгерілеуіне кедергі жасайды» деді.

Грекияның кейбір аралдарды келісімдерге қайшы түрде қаруландыруы жөнінде Челик «Енді қашан заңға шақырсақ, қашан осы мәселені үстелде шешуді әңгіме қылсақ, өкінішке орай, Грекия мұны «көршіміздің агрессиясы» немесе «Түркияның Осман империясы туралы армандары» немесе «Түркияның Грекияны қорқытуы» сияқты негізі жоқ кейбір үгіт-насихатқа айналдыруға тырысады, басқа елдерге жолдама жасағысы келеді» деді.

Өмер Челик Грекияның заңды құқықты бұзған тарап екенін атап, «Бұл мәселені үстелде шешейік, дипломатиялық жолмен қалпына келтірейік, екі ел арасында шешілсін деп ұсынған өзіміз, бірақ сіз шешуге қатысты әрбір ұсынысты кейінге шегеріп, алаңда іс-әрекеттеріңізді жалғастырасыз, заңсыздықты жалғастырудан бас тартпайтын болсаңыз, біздің еліміз де өзінің осы саладағы нақты болмысын ашық және нақтылы түрде көрсетеді. Мұндағы талқылаудың негізі Түркияның "Көгілдір Отан" тақырыбындағы сезімталдығының "Көгілдір Отан" анықтамасына сәйкес болуы» деді.



Ұқсас жаңалықтар