Ердоған "Батыстың саясатына сенуге болмайды" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған алдыңғы күні Ван провинциясында жастармен бас қосты.

1841889
Ердоған "Батыстың саясатына сенуге болмайды" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған "Батыстың саясатына сенуге болмайды" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған алдыңғы күні Ван провинциясына барды. Ердоған Ванда жастармен бас қосты. Президент Ердоған бұл жердегі сөзінде Грекияда құрылған әскери базаларды еске салып, былай деді: "5+4 базалар құрылды, не құрса құрса құрсын. Бірақ "Базаларды неге құрдыңыздар?" деп сұрағанымызда берген жауабы белгілі болды. Олар "Орыстарға қарсы" деді. "Орыстарға қарсы" деп айтып отырсыз, онда орыстар Украинаға шабуыл жасағанда не істедіңіздер? Украинаның қасында болдыңыздар ма? Барлығы жалған. Бұл батысқа сенуге болмайды. Батыстан ғылымды және көркемөнерді алуға болады. Бірақ батыстың саясатына сенуге болмайды. Біз Еуропаға кіруге 1963 жылы өтініш берген едік, сол күннен бері не істеді, әлі де кешіктіруде. Бұлар өтірікті көп айтады. Бұларда дұрыстық жоқ. Дұрыстық біздің ұлтымызда бар".

 



Ұқсас жаңалықтар