Октай Еуропарламенттің "2021 Түркия есебіне" наразылық білдірді

Вице-президент Фуат Октай Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.

1840458
Октай Еуропарламенттің "2021 Түркия есебіне" наразылық білдірді

Вице-президент Фуат Октай Еуропарламенттің 2021 Түркия есебіне наразылық білдірді.

Октай Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде «Еуропарламенттің 2021 жылғы Түркия есебінде орын алған Кипр мәселесіне қатысты мәні жоқ сөздері Еуропарламенттің Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің (ОКПӘ) баспасөз хатшысы іспеттес қозғалғанын тағы бір рет дәлдеді. Егер Еуроодақ пен Еуропарламент Кипр мәселесін шешуге үлес қосқысы келсе, Кипр түрік халқын елемеуден бас тартуы керек, кипрлік түріктердің егемендік теңдігін және тепе-тең халықаралық мәртебесін тіркеп, 2004 жылы Кипр түрік халқына берген міндеттемелерін орындауы керек» деді.

Кипрде екі бөлек халық пен мемлекет бар екеніне назар аударған Октай «2004-2017 жылдары арасында кипрлік понтилердің алаңдату тактикасымен бас тартқан «федерациялық модель» туралы келесі 50 жылда келіссөз жүргізілмейді. Бұл мәселе енді жабылды» деді.

Еуропарламент Түркия туралы есебінде Кипр келіссөздерінің қайта басталуы және түрік тарапының екі мемлекетті шешім ұсынысынан бас тартуының күтілгені орын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар