Мадуро Түркияда

Ол делегациясымен бірге Анытқабірге барды.

1839884
Мадуро Түркияда

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро Түркияда.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келген Мадуро жанындағы делегациямен бірге Анкарада Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейі Анытқабірге барды.

Ататүріктің мавзолейіне гүл шоқтарын қойып, үнсіз еске алған Мадуро артынан делегациясымен бірге естелік үшін суретке түсті.

Венесуэла президенті Анытқабірдегі арнайы дәптерге «Осы ұлы отанның құрушысы Мұстафа Кемалдің алдында құрметпен тағзым етемін» деп жазды. Мадуро айырықша «Жасасын Түркия, жасасын Венесуэла, жасасын құтқарушыларымыз» деген сөздер қолданды.

Мадуроға зияраты барысында ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез серік болды.

Венесуэла президенті Мадуро президент Ердоғанмен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар