Террористі Сириядан ұстап әкелді

«Рожда» лақап атты Дилбирин Качар Ұлттық Барлау қызметінің Сириядағы арнайы операциясы нәтижесінде Түркияға жеткізілді.

1839001
Террористі Сириядан ұстап әкелді

Сепаратистік террорлық ұйым PKK/YPG-нің қастандық жасаушысы ретінде түрлі лаңкестерде орын алған «Рожда» лақап атты Дилбирин Качар Ұлттық  Барлау қызметінің Сириядағы арнайы операциясы нәтижесінде Түркияға жеткізілді.

Бұл туралы мәліметті қауіпсіздік органдары жариялады.  Террорлық ұйымға 2015 жылы Сиирт қаласында қосылған Качар бір жыл Джуди және Габар аймақтарында жаттығудан өткеннен кейін 2016 жылы Сирияға жолданды.

Ирактың Синжар ауданында қастандық жасаушы ретінде жаттығудан өткен Качар 2018 жылдың қаңтар айындағы «Зәйтүн бұтағы» және 2019 жылғы «Бейбітшілік бұлағы» операциялары барысында террор ұйымының түрлі лаңкестіктерінде орын алды.

Ол соңғы рет Түркияның алдағы операциясына қарсы Айнулараб аймағына қосымша күш ретінде жолданған топтың басшылығын атқарғаны анықталды.



Ұқсас жаңалықтар