Томас-Гринфилд Түркияға ресми сапармен келеді

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд 1-2 маусымда Түркияда болады.

1835772
Томас-Гринфилд Түркияға ресми сапармен келеді

Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Түркияға ресми сапармен келеді. 

АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілділігінен жасалған мәлімдемеде Томас-Гринфилд алдымыздағы күндерде Түркияға келетінін білдірді. 

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда Томас-Гринфилд 1-2 маусымда Түркияда болады. 

АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілділігінің мәлімдемесіне қарағанда Гринфилд Сирия шекарасында сириялықтардың қажеттіліктеріне байланысты БҰҰ және басқа жәрдем ұйымдарынан мағлұмат алады. 

Мәлімдемеде "Томас-Гринфилд Түркиядағы сириялық босқындармен кездеседі. Түркия лауазым иелерімен кездесіп, сириялық босқындар тақырыбын қолға алады" делінді. 

 


Этикеттер: #жәрдем , #сапар , #БҰҰ , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар