Түркияда жел энергиясы технологиясы жылдам дамып келеді

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез хабарлама жасады.

1835087
Түркияда жел энергиясы технологиясы жылдам дамып келеді

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның жел энергиясы технологияларында маңызды бір брендке айналу жолында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Министр Фатих Дөнмез Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Өндіруші Түркияның желі әлемнің түкпір-түкпірінде соғады. Түркия жел энергиясы технологияларында маңызды бір брендке айналу жолында қарқынды дамып келе жатыр. Желді ұстай алмауымыз мүмкін, бірақ «Түркияда жасалған» (Made in Türkiye) деп жазылған турбиналар арқылы оны энергияға айналдыруды жақсы білеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар