Чавушоғлу румыниялық және польшалық әріптестерімен кездесті
Түркия-Румыния-Польша Сыртқы істер министрлерінің үшжақты кездесуінің 10-шы жиналысы Стамбулда өтті.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Румыния және Польша Сыртқы істер министрлері Богдан Ауреску және Збигнев Раумен жеке-жеке кездесті.
Мевлүт Чавушоғлу Президенттіктің Стамбулдағы Долмабахче кеңсесіндегі кездесулерге қатысты Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде румыниялық әріптесі Аурескумен екі жақтылы және аймақтық мәселелерді, соның ішінде Украина тақырыбын талқылағандарын білдіріп:
«Дипломатиялық мұрағат бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық»деді.
Чавушоғлу польшалық әріптесі Раумен екіжақты қарым-қатынастарды да талқылағандарын айтып:
«Біз жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құрамыз» деді.
Министрліктен кеше жасалған мәлімдемеде Түркия-Румыния-Польша Сыртқы істер министрлерінің үшжақты кездесуінің 10-шы жиналысы Түркияның үй иесі болоуымен Стамбулда өтетіні жарияланған болатын.