Калын швед және фин делегацияларымен келіссөздерді бағалады

Ибрахим Калын делегацияларымен кездесудің артынан баспасөз мәслихатын өткізді.

1832750
Калын швед және фин делегацияларымен келіссөздерді бағалады

Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік келіссөздеріне қатысты «Түркияның қауіпсіздік мәселелері нақты қадамдар және бір күнтізбе негізінде орындалмайынша, бұл процестің алға жылжымайтынын анық айттық» деді.

Ибрахим Калын Президенттік сарайда Швеция және Финляндия делегацияларымен кездесудің артынан баспасөз мәслихатын өткізді.

Терроризмнің әртүрлі бет-бейнесі, формалары, пішіндері мен өзгеріске ұшырап алдарынан шыққан аспектілерімен күрестің НАТО тұжырымдамасының ең іргелі қағидаларының бірі екенін атап көрсеткен Калын «Түркияның қауіпсіздік мәселелері Түркияға қарсы террорлық күрес жүргізіп жатқан PKK, PYD/YPG, DHKP-C және ФЕТӨ сияқты террор ұйымдарының әсіресе Еуропа елдерінде НАТО-ға мүше кейбір елдерде және қазіргі уақытта біздің күн тәртібіміздегі Финляндия мен Швециядағы болмысымен байланысты. Әңгімелесушілерімізге PKK/PYD мен YPG арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін, олар туралы айырмашылықтардың біз үшін ешқандай мағынасы және баламасы жоқ екенін анық және ашық түрде білдірдік» деді.

Осы екі елден соңғы 10 жылда ұстап беруді талап еткен террористтер мәселесін көтергендерін мәлімдеген Калын «Бүгінгі дейін Швециядан 28 және Финляндиядан 12 террористті ұстап берулерін талап еттік. Өкінішке орай осы уақытқа дейін олардың ешқайсысына оң жауап қайтарылмады. Біз мұның себептерін анықтап, қылмыстық істер мен есептерді олардың алдына қойғанымызда, бұл жерде бізді қанағаттандыратын құқықтық немесе заңды негіз жоқ екенін көрдік. Біз бұл алаңдаушылықтарды әңгімелесушілермен егжей-тегжейлі бөлістік. Сондай-ақ Түркияға қарсы барлық ашық немесе жабық, тар немесе ауқымды қорғаныс өнеркәсібі санкцияларының тез арада жойылуын күтетінімізді білдірдік» деді.

Ибрахим Калын «Түркияның қауіпсіздік мәселелері нақты қадамдар және бір күнтізбе негізінде орындалмайынша, бұл процестің алға жылжымайтынын анық айттық» деді.



Ұқсас жаңалықтар