Түркия-Африка медиа саммиті басталды

Cаммиттің беташар сөзін Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун оқыды.

1832380
Түркия-Африка медиа саммиті басталды
turkiye-afrika meya.jpg

25 мамыр Африка күніне орай Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы ұйымдастырған «Түркия-Африка медиа саммиті» басталды.

Стамбулдағы екі күндік саммиттің беташар сөзін Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун оқыды.

Түркия мен Африка құрлығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып,  істерді үйлестіруді мақсат еткен шараға Африканың 45 елінен 80 баспасөз қызметкері, сонымен қатар африкалық дипломаттар, мемлекеттік мекеме басшылары, БАҚ өкілдері, ғалымдар, жеке сектор және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Саммитте жаңа типтегі коронавирус індетінен кейін журналистиканың алдында тұрған қиындықтар мен «цифрлық қоршау» сияқты сын-қатерлермен қатар медиа секторындағы гендерлік теңдікке арналған сессиялар өтеді. Түрік және африкалық журналистер де жаһандық медианың африкалық көзқарасын талқылайтын бағдарламада халықаралық тәртіпке қатысты көзқарастар қолға алынады.

Саммит Африкаға инвестиция салған түрік фирмалары мен құрлықтың адами капиталына үлес қосатын мекемелер мен ұйымдар өкілдерінің баяндамаларынан кейін арнайы отырыстармен аяқталады. Аталмыш бағдарлама Африка ақпарат құралдарының Түркия жөнінде хабардар болуын арттыру және Түркияның Африка елдерімен медиа және коммуникация саласында ынтымақтастығын күшейтуді мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар