Ердоған мен Андерссон телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссонмен телефонда сөйлесті.

1830191
Ердоған мен Андерссон телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияның Түркияға қарсы енгізілген санкциялардың жойылу керектігін мәлімдеді.

Президент Ердоған Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссонмен телефонда сөйлесті.

Әңгіме барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтініші талқыланды.

Ердоған Андерссонға елінің террористік ұйымдарға бағытталған саяси, қаржылық және қару-жарақ қолдауын тоқтату керектігін атап көрсетті.

Сирияның солтүстігінде Түрік Қарулы күштері террор ұйымдарына қарсы ұйымдастырған «Бейбітшілік бұлағы» операциясынан кейін (9 қазан-25 қараша 2019) Швецияның қорғаныс өнеркәсібі саласында Түркияға қарсы енгізілген санкциялардың жойылу керектігін айтқан Ердоған бұл елден бөлшектеуші террор ұйымы PKK мен ұйымның Сирия мен Ирактағы тармақтары тұрғысынан Түркияның алаңдаушылығын бөлісетін нақты қадам басуын күткендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар