"Террористерді қайтармаған елдердің мүшелігіне жылы қарамаймыз"

Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында сөз сөйледі.

1828891
"Террористерді қайтармаған елдердің мүшелігіне жылы қарамаймыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға террористерді қайтарып бермеген елдердің НАТО-ға мүшелігіне жылы қарамайтындарын атап көрсетті.  НАТО-ның кеңеюі біз үшін сезімталдықтарымызға көрсетілетін құрметпен мөлшерлес болуы керек» деді ол.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында сөз сөйледі.

Ердоған НАТО-дағы одақтастардан Түркияның сезімталдықтарын түсінуін және қолдау беруін күтетіндерін атап көрсетті.  «Түркияның өз шекарасын қорғаудағы ынтасын түсінуін күтеміз.  Сіз (Финляндия және Швеция) бізге террористерді қайтармайсыз, сосын бізден қолдау сұрайсыз.  Сепаратистік террорлық ұйым PKK-ға қолдау беріп,  мүшелік үшін көмек сұрау  орынды емес. Біз террористерді қайтармаған елдердің мүшелігіне жылы қарамаймыз.  НАТО-ның кеңеюі біз үшін сезімталдықтарымызға көрсетілетін құрметпен мөлшерлес болуы керек» деді ол.

Ердоған «Олар Түркияға келгісі келеді екен.  Босқа шаршамасын.  Террор ұйымы әлі Швецияда жүр» деді.



Ұқсас жаңалықтар