4-ші бұрғылау кемесі 19 мамырда келеді

"Фатих", "Яуз" және "Кануни" кемелерінен кейін Түркияның 4-ші бұрғылау кемесі озық технологиялармен жабдықталып, флотқа қосылады.

1827603
4-ші бұрғылау кемесі 19 мамырда келеді

Энергетика және табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез Түркияның 4-ші бұрғылау кемесі 19 мамырда елге келетінін айтты.

Министр Фатих Дөнмез Стамбулда өткен Мұнай өнеркәсібіндегі ұлттық технологиялар (PEMT'22) жиналысына қатысты.

Жиналыста сөз сөйлеген Фатих Дөнмез:

"4-ші бұрғылау кемесі 19 мамырда Түркияға келеді. 4-ші бұрғылау кемесі дайындықтар үшін Мерсин Ташужу аймағында 2 ай тұрады. Жұмыстары біткеннен кейін қысқа уақытта алғашқы бұрғылауға бастайды" деді.

"Фатих", "Яуз" және "Кануни" кемелерінен кейін Түркияның 4-ші бұрғылау кемесі озық технологиялармен жабдықталып, флотқа қосылады.

Ұзындығы 238 метр, ені 42 метр, биіктігі 104 метр, бұрғылау тереңдігі 12 мың 200 метрге жеткен кеменің өз қатарындағы 5-ші орында екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар