Ердоған "Мүгедектер үшін 27 мың 259 дана спорт бұйымдары беріледі" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған мүгедек азаматтардың әр салада үлкен табыстарға қол жеткізгенін баяндады.

1826210
Ердоған "Мүгедектер үшін 27 мың 259 дана спорт бұйымдары беріледі" деді
erdogan engelliler.jpg
erdogan engelliler.jpg
erdogan engelliler.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған астана Анкарада Президенттік сарайда жеке білім беру мектептеріне спорт бұйымдарын тарату рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Сөзіннің басында барлық мүгедек азаматтарды  Мүгедектер аптасымен құттықтаған Ердоған мүгедектердің қиялдарын жүзеге асыру үшін қолынан келгенін істейтіндерін түсіндірді. 

Мүгедек азаматтардың қолданылуы үшін мемлекеттің әрбір провинциясына 27 мың 259 дана спорт бұйымдарын жіберетіндерін айтқан Ердоған "Осылайша мыңдаған мүгедек оқушымыз спортпен айналысу мүмкіндігіне қол жеткізеді" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған мүгедек азаматтардың әр салада үлкен табыстарға қол жеткізгенін баяндады.  

 



Ұқсас жаңалықтар