Сирияда Иран қолдайтын топтарға әуе шабуылы жасалды
Дейр-уз-Зор қаласында Башар Асад режиміне қарасты террористік топтарға шабуыл жасалды.

Сирияның шығысындағы Дейр-уз-Зор қаласында Башар Асад режиміне қарасты Иран қолдауындағы шетелдік топтарға тиесілі бір аймаққа жасалған әуе шабуылында 9 террорист өлтірілді.
Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда елдің шығысындағы Дейр-уз-Зор қаласының Хуйжет-Кати аймағында Иран төңкеріс сарбаздары армиясына бағынышты шетелдік террористтерге әуе шабуылы жасалды.
Алғашқы мағлұматтарға қарағанда араларында Ирак және Ауғанстан азаматы бар 9 террорист қаза тауып, 8 адам жараланды.
Шабуылдың қай ел тарапынан жасалғаны белгісіз.
Евфрат өзенінің шығысындағы Дейр-уз-Зор АҚШ қолдайтын террор ұйымы YPG/PKK-ның бақылауында болса, қала орталығы мен басқа ауылдық аймақтар Асад режимі және Иран қолдайтын террорист топтардың бақылауында орын алуда.
Дейр-уз-Зорда АҚШ пен Иран қолдайтын лаңкестік топтар орналасқан аймақтар болса жиі нысанаға алынуда.
Режимнің құрлық күшіне айналған Иран қолдайтын шетелдік террорист топтар Дейр-уз-Зорда орналасқан.
Суннит арабтар тұратын Дейр-уз-Зорда орналасқан ирандық, ирактық, ливандық, ауғандық және пәкістандық топтарға Иран төңкеріс сақшылары армиясының мүшелері қолбасшылық етеді.
Ұқсас жаңалықтар

Хакан Фиданның Нью-Йорктегі кездесулері жалғасуда
Хакан Фидан Түркевинде Панама Сыртқы істер министрі Жанайна Тевани Менкомомен кездесті.