Президент Ердоған Аналар күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Аналар күні» мерекесіне орай хабарлама жариялады.

1823592
Президент Ердоған Аналар күнімен құттықтады

Президент Ердоған хабарламасында «Махаббат, еңбек, пидақорлық, мейірім сынды ұлы қасиеттердің символы болған аналарымызды аналар күнімен құттықтаймын» деді.

«Жұмақ ананың табанының астында» деп аналарды қадірлейтін өркениеттің мүшелері ретінде аналарымыз біз үшін мейірбан бір пана болып табылады» деген президент Ердоған хабарламасында «Күнделікті өмір күресінде ананың ақ батасының біздің ең басты қуат көздеріміз екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн. Басымыздың тәжі болып саналатын аналарымыздан тілегіміз – бала-шағасы, еліміз бен ұлтымызды батасы мен қажыр-қайратынан құр қалмауы. Әрқашан үлкен құрметке лайық, саналы ғұмырын отбасына арнаған аналарымыздың аналар мерекесін атап, дүниеден өткен барша аналарымызға Алланың рақымын тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар