ҰҚМ «Кут-үл Амаре жеңісінің» 106 жылдығына орай хабарлама жариялады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Кут-үл Амаре жеңісінің» 106 жылдығына орай хабарлама жариялады.

1820592
ҰҚМ «Кут-үл Амаре жеңісінің» 106 жылдығына орай хабарлама жариялады

Хабарламада ағылшындардың 1915 жылы 21-22 қараша күні Селман-ы Пак аймақтарына шегінген түрік әскерлеріне қарсы шабуыл бастағаны, ал 23 қараша күні Османлы армиясының 51-ші дивизиясы солтүстіктен қарсы шабуылға шығып, ағылшын күштерін үлкен шығынға ұшыратқаны және шегінгені еске салынды.

Шегініп бара жатқан ағылшындардың 1915 жылы 3 желтоқсан күні Кут-үл Амарені паналағаны түсіндірілген мәлімдемеде «Халил Кут паша қолбасшылығындағы түрік әскерлері 1915 жылы 8 желтоқсан күні Кут-үл Амарені паналаған ағылшын бекіністерін қоршауға алды. Кут-үл Амаре қоршауы 4 ай 23 күн бойы жалғасып, бұл қоршауға төтеп бере алмаған ағылшын қолбасшысы генерал Шарль Тауншенд 1916 жылы 29 сәуір күні барлық сарбаздарымен берілуге ​​мәжбүр болды. 13 мың 300 әскерден тұратын британ сарбаздарының толығымен тұтқынға алынуымен аяқталды. Бұл жеңіс Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Чанаккаледегі жеңістен кейінгі түрік армиясының ең үлкен табысы ретінде тарихта өз орнын алды. Ағылшындар Бірінші дүниежүзілік соғыста Чанаккаледен кейін Кут-үл Амареде Осман мемлекетіне екінші рет жеңілді. Кут-үл Амаре жеңісінің 106 жылдығында жанын пида қылған, даңқты дастан жазған батыр бабаларымызды құрмет және Алланың рақымымен еске аламыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар